детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 34 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1020532
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
99
242
341
4859
10275
982512
1020532
Ваш IP: 18.219.112.111
Время на сервере: 16-04-2024 06:02:37

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Әйтеке бидің 370 жылдығына орай «Великий бий земли казахской» деген атпен тарихи портрет өткізілді. Іс-шараға №24 гимназияның 6-шы сынып оқушылары қатысты.

Әйтеке би қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі атанған. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді. «Жеті жарғыда» Әйтеке үсынған баптардың ішінде — "Сүйек құны", "Өнер құны" белгілі. Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Ол туралы аңыз әңгімелер мен жырлар да жеткілікті. Оның өмір жолы оқушыларға туған өлкені сүюге үйретеді. Оқушылар «Жеті жарғының» бірнеше баптарын қызығушылықпен оқыды. Сондай-ақ Әйтеке бидің біздің заманымызға дейін жеткен қанатты сөздерін талқылады.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру