детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023203
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
490
182
975
2037
12946
982512
1023203
Ваш IP: 18.223.0.53
Время на сервере: 25-04-2024 20:47:22

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

(16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні)

 Жас ұрпақтарды Желтоқсан құрбандарымен таныстыру; апа-ағаларының ерлігі туралы айту; желтоқсан оқиғасы туралы шындыққа көз жеткізу мақсатында 13 желтоқсанда 2014 жылы № 8 Толе би атындағы гимназияның 2 «Ә» сынып оқушыларымен Тәуелсіздік күніне орай «Жасай бер, жаса Тәуелсіз!» тақырыбында арналған таңымдық сайыс өткізілді.

Кітапханашы оқушыларға елін, жерін, халқын сүюге; Отанды сүюге; байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіре отырып, оларға туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыру керек екендігін айтып өтті. Оқушылардың қызығушылығын ояту «Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?», «Тәуелсіздік мерекесі қай күн?», «Желтоқсан батырларын білесің бе?» деген сұрақтарды қою арқылы оқушылардың пікірі тындалып; Сонымен, Желтоқсан оқиғасы не себептен болды, қалай болды, оған кімдер қатысқандығы туралы мәлімет берілді. Желтоқсан батырлары: Ербол Қайрат, Ләззат, Сәбиралардың ерліктері, қайсарлығы айтылып, «Желтоқсан құрбандарын» еске алып (1 минут үнсіздік), сағат соңында оқушылар ҚР-ның әнұранын орындады.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру