Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1304587
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
155
191
8578
6466
14240
1270704
1304587
Ваш IP: 216.73.216.27
Время на сервере: 12-07-2025 08:40:03

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауын өскелең жас ұрпаққа жан-жақты түсіндіру мен насихаттау мақсатында облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында, мерзімді басылымдар секторының меңгерушісі Баймағамбетова Анардың ұйымдастыруымен №26 Абай атындағы орта мектептің 9-сынып оқушылары  сынып жетекшісі Нартаева Гүлнұр және №13 орта мектептің 8-сынып оқушыларының қатысуларымен «Елбасы мұраты-ел бақыты» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

 

 2014 жылдың 11 қарашасында ҚР Президентіміз жетекші мемлекет құру жолын жалғастыру мақсатында  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.  Жолдауда қазақстандықтарға үлкен міндеттер жүктелгендігі, көрсетілген межелерді бағындырып, тиісті мақсатқа жету жолында еңбек ету жастардың еншісінде екендігі жете айтылды.

Кеш қонақтары: «Бір болашақ» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы-Темірлан       Сұлтан Мұратбекұлы, «Ақсұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы- Есіркепов Абзал Есенұлы, Жамбыл-Тараз газетінің тілшісі-Сейдуалиев Шынболат Байділдәұлы іс-шараға арнайы келіп, жас оқырмандармен жүздесіп өз ойларын ортаға салды.

Оқырмандарға Сұлтан Мұратбекұлы Елбасымыздың Жолдауында білім мен ғылым саласына ерекше көңіл бөлінгендігін айтса, Абзал Есенұлы жас оқырмандарға бос уақыттарын тиімді пайдану, яғни ерінбей көп оқу керектігін, ал Шынболат Байділдәұлы жас оқырмандарға болашаққа талпыну, іздену, білім жолында аянбай еңбектену керек екенін, сондай-ақ өз елінің патриоты болуға шақырды.

Елбасы берген тапсырмаларды жүзеге асыруға біз де барынша үлесімізді қосамыз деп жас оқырмандар бір ауыздан сөз берісті.         

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz