детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 79 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1020889
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
44
156
698
4859
10632
982512
1020889
Ваш IP: 18.116.15.31
Время на сервере: 18-04-2024 05:16:19

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

2 қазан-Халықаралық музыка күніне орай «Әуен құдіреті» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды. Музыкалық кешкете «Жас талант» домбыра үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен музыкалық қойылым көрсетілді. ХIХ-ХХ ғасырларда күйлерді сазгерлер адамның көңіл күйімен байланыстырып шығарған, халықтың мұң-мұқтажын, қуанышын күй құдіретінің әуенімен жырлайтын болған.  ХIХ ғасырда қазақ халқымызда көптеген күйшілер шыққан, атап айтсақ олар: Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова және т.б. Кітапханашы оқырмандарға үн таспадан Құрманғазының «Сарыарқа» күйі тындатып, одан балалар жақсы әсер алды. ХХ ғасырда Қазақстанда қазақ өнер тарландары көп болған, атап айтсақ, әнші-Күләш Бәйсейітова, биші-Шара Жиенқұлова, қазақ халқының музыка  аспаптарының 30-ға жуық түрін анықтаған музыкант-Болат Сарыбаев.

Қазақ сахнасының бұлбұлы, Мемлекеттік сыйлықтың  лауреаты, қазақ халқының мақтанышы болған Күләш Бәйсейітова апамыздың  «Гәкку»  әні тыңдалды. «Жас талант» домбыра үйірмесінің мүшелері:  А.Салиева, Самат Сапина, Е.Керімбаева халық күйі «Кеңес», халық әні  «Желбір жекен», «Еркемай», және Кұрманғазы Әзірбаевтың «Екпінділер» әндерін орындап, көптеген көркем сөздер оқылып, көріністер қойылды. Кеш соны Досқұмбаевтардың «Жаса Қазақстан» әніне ұласып, іс-шараны директордың орынбасары Ж.Д.Айтжанова үйірме мүшелеріне алғыс айтып, оларды марапаттады.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру