детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1020551
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
118
242
360
4859
10294
982512
1020551
Ваш IP: 3.137.192.3
Время на сервере: 16-04-2024 09:08:05

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

2014-09-20Оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы терең білім беру, адамның конституциялық құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарау және оларды орынды пайдалана білуге үйрету мақсатында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының «Заң және жасөспірім» кітапханалық арнаулы бағдарламасы аясында мерзімді басылымдар секторының меңгерушісі А. Баймағамбетова, М. Әуезов атындағы №33 орта мектебінің 9-сынып оқушыларымен бірлесе отырып «Конституция – адам құқықтарының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мемлекетіміздің Ата Заңы халқымыздың тәуелсіз ел болуды армандаған мүддесін заң тілінде айшықтаған әлемге, адамзат ғаламына Қазақстан деген мемлекет бар екенін паш еткен заңнамалық құжат екенін, Сондықтан да кез-келген азамат еліміздің негізгі заңы – Конституцияны міндетті түрде оқып, танысып, керек баптарды жатқа білуі керек екенің түсіндірілді. Азамат пайда болғаннан бастап бүгінге дейінгі аралықта тәртіп пен заңның болғандығын ұлылардан қалған ұлы сөздерден байқауға болатындығын, сондай-ақ оқушылар конституцияның тоғыз бөлімі қалай аталатынына қысқаша тоқталып өтті. «Тірегім-Ата Заң» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру