детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 32 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023151
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
438
182
923
2037
12894
982512
1023151
Ваш IP: 3.133.109.211
Время на сервере: 25-04-2024 13:41:32

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында өткен семинардың ХАТТАМАСЫ
Тараз қаласы				№ 1		1 тамыз 2014 жыл
сағ. 15-10 басталды
сағ. 16-20 аяқталды

Қатысушылар: Басқарма басшысының орынбасары Е.Айтуаров; бөлім басшылары: Д.Тайлеев, Г.Серікбаева, Ш.Сабекова; мамандар: Ж.Құттыбаева, Ғ.Нұрсейітов, А.Құрамысова, Ж.Оразалиева; ұйым басшылары: Е.Қойшыманов (обл.кино), Э.Ділдебаева (обл.музей), Қ.Башенова, Б.Абдикаримова (обл.,қалалық мұрағат), Н.Серікбаев (дирекция), М.Ысқақ (балалар кітапханасы).

Белгілі себептермен қатыспағандар: И.Амалов, Н.Күмісбеков, К.Тохаева, А.Кисикова және М.Жанабаева.


Баяндамашы Тайлеев Д.М.:

Құрметті әріптестер, сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңда көптеген елдерде кеңінен бел алып, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген қылмыстың бірі. Оның кез-келген көріністері қоғамның барлық саласына өзінің келеңсіз әсерін тигізеді. Ал осы көріністер туындатқан салдарлар мемлекеттік үдерісті, қарышты дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, сондай-ақ мемлекет билігінің беделіне нұқсан келтіреді. Құқықтық, демократиялық мемлекет құрудың принциптерін бұзып, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нақты қауіп туғызады.

Сыбайлас жемқорлық ұғымымен жалғыз пара алуды ғана баламалауға болмайды, өйткені, бұл қылмыстың осы түрінің көп көріністерінің бірі ғана. Қазіргі сыбайластық – өзінің жеке мүддесі үшін заңды айналып өту жолымен материалдық және заңдық артықшылықтар алу. Ол мемлекеттік билік пен басқару органдарында неғұрлым қауіпті, мұндай жағдайда әкімшілік ресурстар мен әртүрлі қылмыстық құбылыстар өз-өзінен ұласып кете барады.

Мемлекетіміздің қазіргі дамуы жағдайында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында қылмыстылықпен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтудің қосымша шаралары және құқық қорғаушылық қызметті одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығының қабылдануының маңызы үлкен. Елбасының бұл Жарлығында құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттары ретінде кез-келген құқық бұзушылыққа мемлекеттің бұлтартпас реакциясын қамтамасыз етіп, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тартумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтардың конституциялық құқықтарына қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау болып белгіленген.

Елбасының жоғарыда аталған Жарлығы басшылардың өздері басқарып отырған мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жүргізетін кадрлық және антикоррупциялық саясатына жауаптылықтарын күшейтуге мүмкіндік берді. Әр басшы кадрларды іріктеу мен орналастыру мәселелеріне, негізгі жұмыстарын жүзеге асыру ғана емес, қызметкерлерінің қызметтен тыс уақыттарын қалай өткізетіндеріне неғұрлым мұқият көңіл бөлулері тиіс. Тәртіптік қылық жасап, өз әрекеттерімен сыбайластық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасау мүмкіндігіне жол берген адамдарды жазалау мәселелерінде принциптілік танытулары керек.

Елбасының Жарлығымен қазір бағыныштыларының сыбайластық әрекет жасағандары үшін басшының жауаптылығы туралы мәселе қойылып отыр. Мұның өзі, сөз жоқ, сыбайластықпен күресте қолданылып жүрген мемлекеттік механизміндегі маңызды да басты элементтерінің бірі болып табылады.

Жарлықпен сыбайластықпен күресте бірқатар сапалық жаңа шаралар қарастырылған. «Мүдделер тартысы» ұғымы тұңғыш рет заңдық тұрғыдан айқындалып, азаматтардың антикоррупциялық пиғылын ынталандыру бекітілген. Мемлекеттік қызметкердің өзіне белгілі болған сыбайластық құқық бұзушылық оқиғалары туралы хабарлау міндеті енгізіліп, «корпоративтік сыбайластыққа» қарсы әрекет шаралары жасалған, мемлекеттік органдарда сыбайластық құқық бұзушылық жасауға тәуекелділігі жоғары қызмет тізбелері анықталған.

Сонымен қатар, Жамбыл облысының 2011-15 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде» салалық бағдарламаны іске асыру бойынша басқарма тарапынан бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.

Азаматтардың өтініштері мен шағымдарына арналған жәшік, үндеулерді тіркеу журналы, сенім телефоны жұмыс істейді. Басқармада азаматтарды жеке мәселелері жөнінде қабылдау кестесі орнатылған. Сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.

Бүгінгі күнге басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері уақытында жеке табыс салығы мен мүлік жөнінде декларацияларды тапсырған. Мемлекеттік қызметке жаңадан келген мамандар шектеулерді қабылдап алды. Еңбек тәртібін сақтау жөнінде жұмыс атқарылып жатыр.

Қорытындылай келе айтарым, жоғарыда аталған шараларды мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының және қарапайым азаматтардың белсенді қатысуларымен жүйелі түрде жүзеге асыру сыбайлас жемқорлықты үзілді-кесілді және қатаң тосқауылды қамтамасыз етіп, қоғамның өмір сүруінің барлық саласында оның кез-келген көріністеріне қарсы тұруға мүмкіндік береді.

Қатысушы мекеме директоры Б.Абдикаримова:

Әріптестер, алғашқы баяндамашының сөздеріне қосарым - сыбайлас жемқорлық нарықтық қатынасқа көшкен мемлекеттердің барлығына тән құбылыс болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей сыбайлас жемқорлықты түгелдей жою мүмкін емес. Бірақ оны болдырмаудың жолын қарастыру қажет. Қазақстанның тәуелсіздігінің алғашқы күндері-ақ, жалпы қылмыстармен бірге сыбайлас жемқорлық та жас Республикамыздың алдындағы сынақтардың бірі болды. Сондықтан, Елбасы осы уақыттың бәрінде аталған індетпен тұрақты да жүйелі түрде күрес жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің ішкі саясатының маңызды бағыты болып белгіленді. Сонымен бірге мемлектік басқару жүйесінде реформалау жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Қазақстандық жүйенің алғашқы қадамының бірі болып Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 21 қазандағы «ҚР Жоғарғы тәртіптік кеңес туралы» Жарлығы болып табылады. Президент жанындағы Жоғарғы тәртіптік кеңестің басты бағыты мемлекеттiк тәртiптi нығайту, мемлекеттiк қызметшiлердiң жауапкершiлiгiн арттыру, олардың билiк пен қызмет бабын асыра пайдалануына жол бермеу, болып табылады. Аталған органның құрамына республикамыздағы қоғамның беделді өкілдері және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілді.

Кеңес жұмысының бірінші күнінен бастап, сыбайлас жемқорлық Республика азаматтарының күнделікті өміріне қатысты салаларда - денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік басқарудың төменгі құрылымдарындағы басшы шенеуіктердің өздерінің әрекетсіздерінің арқасында қоғамның басшы органдарға деген сенімін жоғалтуына жол береді деген қорытындыға келді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды кезеңі болып аумақтарда тәртіптік кеңестер құрылғанын айтуға болады. Бірақ халықпен жұмыс жүргізетін органдардың саны артты, жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі белсенділіктері жеткіліксіз болды, олар аталған мәселеге мемлекеттік тұрғыдан қарамады.

Тек қана Елбасының саяси ұстанымының арқасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік органдар жұмысының басты бағытына айналды.

Басты бағыттарының бірі болып, іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау болып табылады.

Осығын байланысты кеңестік кеңістіктегі мемлекеттірдің арасында Қазақстан бірінші болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылық базасын және оған қарсы мемлекеттік жүйесін жасағанын айта кету керек. 1998 жылдың шілдесінде республикада аталған індетпен күресу жөніндегі негізгі нормативті- құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданды.

Қатысушы мекеме директоры М.Ысқақ:

Осы заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игi­лiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Елбасымыз атап айтқандай, «сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес, бұл – мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының тұтас кешені» болып табылады. Сол себепті әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті.

Қатысушы: Е.Қойшыманов:

Бұл семинарларды жиі өткізу қажет, себебі жұмыс барысында көптеген шешілмеген мәселелерді осы жерде талқылауға мұмкіншілік бар. Менің ұсынысым тоқсан сайын семинарлар өткізу керек.

Барлық қатысушылар бұл ұсынысты қолдады.

Басшының орынбасары Е.Айтуаров




























Хаттамалаған: Д.Тайлеев

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру