детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 66 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1022488
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
120
140
260
2037
12231
982512
1022488
Ваш IP: 18.119.160.154
Время на сервере: 23-04-2024 14:25:07

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Сал серілер мен әнші-ақындар дәстүрін өзіндік өрнек-нақышпен жалғастырып өткен Балуан Шолақ Баймырзаұлының өмірі мен шығармашылығын оқыту.  Ер жігіттің бір басына жететін осынша өнерді бойына жиған Балуан Шолақтай жан-жақты өнер иесі болуға тәрбиелеу.
Оқушыларды өнерді бағалай білуге, талантты дарынды болуға шақыра «Атандым  Балуан Шолақ бала күннен» отырып, жан-жақты қабілеттерін дамыту мақсатында №13 мектептің 6-7сынып оқушыларымен бірлесіп 17.03.2014 жылы Баймырзаұлы Балуан Шолақтың туғанына 150 толуына орай «Атандым  Балуан Шолақ бала күннен» тақырыбында жұлдызды қазына өтті.

Қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны- Баймырзаұлы Балуан Шолақтың туғанына 150 толуына орай жұлдызды қазынада кітапханшы оқырмандарды  қызықты материалдармен өз кейіпкері туралы әңгімелер мен аңыздармен слайд арқылы да таныстырды. Ізденіс жолында   830 келі болатын кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған «Балуан Шолақтың рекордын жаңартқан жан бар ма?» дегендей қызықты оқиғалар сөз болды. Ал  өнер қуып Арқаның ардагер серісі атанған оның әндері, өлеңдері көптеген жинақтарға енген, жеке кітап болып та шыққандығы мен үлкен жүректен, шын сезіммен шыққан ән мен қос ғашықтың басынан кешкен оқиғаларын балалар ықыласпен тыңдады. Балуан атамызға көрсетілген құрмет пен қошемет ретінде салынған ескерткіштер мен спорт сарайымен таныстырып, сондай-ақ сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы туралы жеке кітап болып шыққан басылымдарға шолу жасалынды.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру