детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 69 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1022399
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
31
140
171
2037
12142
982512
1022399
Ваш IP: 3.15.4.244
Время на сервере: 23-04-2024 05:33:17

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Заманының заңғар суреткері ұлы тұлға М.Әуезовтің шәкірті, жазушы Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов көзі тірі болса 80-ге келер еді. Ұлтым деп ұрандаған ұлы тұлғаларымыздың бірегейі, жазушы , драматург Сәкен Жүнісов еді.

Сәкен Жүнісов өмірі мен шығармашылық жолы туралы мәліметтер бере отырып, атақты әнші Ақан сері жайында білімдерін тиянақтау. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе отырып, көркем шығармаларды түсініп оқуға баулу, өнерді түсіне білуге тәрбиелеу. Сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақынның өмір жолын, шығармаларын насихаттау мақсатында 25.02.2014 жылы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларымен «Қазақ прозасының құлагері» тақырыбында ауызша журнал өтті.

 Исі қазақ атына қанық, халқы үкілеп «Сәкен сері» деп атаған, әдеби туындыларымен кең танылған, көркем сөз бен оқалы ойлардың  аса көрнекті өкілдерінің бірі.  Сан  қырлы тұлғаны яғни– әдебиетші, жазушы, ақын, ұстаз,  журналист, драматург, аудармашы болғаны жөнінде кітапханшы ауызша журналдың әр парағында талдап айтып шықты. Ауызша журналдың бірінші беті  - «Сегіз қырлы бір сырлы  Сәкен сері» өмір жолына арналса, екінші беті - Сәкен прозасына, үшінші беті - «Қос жанрда қатар шапқан» драмалық шығармаларына, ал төртінші беті «Жүрекжарды...» Сәкенге арнау болды. С.Жүнісовтің «Ақан сері»дилогиясы бойынша  №12 мектеп-гимназия оқушылары Мейрамбек Назым мен  Әлдібеков Тәуекел  Ақан сері мен Ақтоқтының алғаш кездесуі туралы сахналық көрініс көрсетсе, ал Алғабасов Рауан   Өтежан Нұрғалиевтің «Сәкен»  атты өлеңін оқыды. Сонымен қатар Сәкенге арнау бетінде оқырмандар  жалпы казақ елінің жазушыға арналған құрмет пен қошеметі жөнінде түсірілген бейнероликті тамашалады.  Кітапханашы «Көркемсөздің көк семсері» кітап көрмесіне шолу жасап өз өнерлерін ортаға салған оқушыларды марапаттады.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру