детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 38 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023329
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
115
501
1101
2037
13072
982512
1023329
Ваш IP: 3.146.255.127
Время на сервере: 26-04-2024 20:55:52

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

5 – ақпан Кеңес әскерлерінің

Ауған жерінен босатылғанына 25 жыл.

«Ауғанстан мәңгі жадымызда»

кездесу кеші

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған жауынгерлер рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында  Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен 15 – ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен босатылғанына 25 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлерімен «Ауғанстан мәңгі жадымызда» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды.

10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей  жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыста ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз  Жамбыл облысының «Ауған соғысы ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Малыбаев Рақымжан Мірсәліұлы, Елшібаев Мәулен Тілеуғабылұлы, Малдыбаев Қайрат Акиманұлы, Исаев Лесхан Тұрдыханұлы ағаларымызбен сұхбаттасып, естеліктері тыңдалды. Оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауаптар алынды. Ауған соғысы туралы бейнефильм көрсетілді. «Ауғанның - от жалыны» атты  кітап көрмесіне шолу жасалды.

       
       

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру