детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 117 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1005912
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
2465
2859
7531
8471
23400
982433
1005912
Ваш IP: 44.205.5.65
Время на сервере: 28-03-2024 22:01:25

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Мен өлкемді зерттеймін» жас зерттеушілер шығармашылық

жобасының І жеткіншектер байқауының тізімі

 

Жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының
«Мен өлкемді зерттеймін!» ІІ-ші жеткіншектер байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мен облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 2013 жылы қараша айында «Мен өлкемді зерттеймін!» ІІ жеткіншектер байқауын өткізеді. Байқау «Бір шаңырақ астында» тақырыбына арналады. Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын нығайту.

Яғни өлкемізде тұрып жатқан ұлт өкілдері туралы ( мысалы: бір халықтың Қазақстанға келу тарихынан бастап, орналасқан жері, әдебиеті, мәдениеті, т.б.)   мәліметтер жинақтау.

 

 1. Жалпы ережелер

 

Жалпы Ережелер Тараз қаласы мектептері оқушыларының арасында өтетін «Мен өлкемді зерттеймін» атты байқаудың «Бір шаңырақ астында» атты тақырыбы бойынша байқаудың дәрежесін, мақсатын, міндеттерін және байқаудың өткізілу тәртібін анықтайды.

Байқау маусым-қараша айларында ұйымдастырылып, өткізіледі.

Байқаудың ұйымдастырушысы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.

 

2.Байқаудың  мақсаты мен міндеті:


-  Өлкеміздің тарихын, географиясын,  мәдениетін оқып, игеруге балалар   мен жасөспірімдердің  қызығушылығын арттыру;

-  Балалардың шығармашылық ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру;
-   Жастардың  жаңа технологияларға сауаттылығын арттыру;

-   Кітапханаға жаңа оқырмандар тарту;

-   Этносаралық толеранттық мінез-құлқын дамыту;

-   Өзге этностар мен діни конфессия өкілдеріне деген толеранттық қасиетін тәрбиелеу.

 

3. Байқаудың ережесі:


          Зерттеу жұмыстары 2013  жылдың 1 маусымынан бастап 1 желтоқсанға дейін (7 ай көлемінде) облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қабылданады.  Жұмыстарды: Тараз қаласы, Қонаев көшесі, №4 үйге, немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript   электронды поштаcына жіберуге болады.

         Байқауға 13 пен 17 жас (5-8 сын., 9-11 сын.) аралығындағы жас зерттеушілер  қатыса алады.

Байқауға ұсынылған жұмыстарға түсініктеме берілмейді және ол жұмыс қайтарылмайды.

Зерттеу жұмыстарын қорғау 2013 жылдың желтоқсан айында  облыстық балалар мен жасөспірімдер  кітапханада өткізіледі. (қосымша ақпараттар хабарланады)

         Жұмысты  қорғау уақыты - 10 минут. Зерттеу жұмысын қорғау кезінде тақырып таңдаудағы өзіндік дәрежесі және зерттеудің жүргізілуі бағаланады, шығармашылық ізденіс,  зерттеудің жүргізілуіне ел аузынан жинастырылған деректер қорын пайдалануы, мәселенің терең талқылануы, сұрақтарға берілген жауаптар қаралады.

Жеңімпаздарды тарихшы, кітапханашы, және суретші-дизайнер мамандарынан құралған қазылар алқасы анықтайды.

      Зерттеу жұмыстарының қорытындысы қазылар алқасы хаттамаға бекіткеннен кейін хабарланады.

4. Жұмыстардың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар:

 

Байқауға қатысушылар келесі тақырыптарды   қамтуы тиіс:

      -   Даму тарихы;

      -   Ерекше адамдар өмірі;

      -    Әдебиет;

      -    Мәдениет;

      -    Дәстүр.

Жұмыс көлемі шектелмеген. Шрифт Times New Roman 14. Жұмыс слайд-шоу, бейне-презентация, көрініс түрініде ұсынылады. Сайысқа PowerPoit, Makromedia flash, Windows Movie Maker және т.б. программаларда орындалған жұмыстар қабылданады.

Сайыс жұмысы дискіде ұсынылады.

 

5. Байқау материалы келесі белгілер бойынша бағаланады:

- Мазмұнның байқау тақырыбына сай болуы;

- Ұсынылатын материалдың жаңа технология арқылы көркемделу

   ерекшелігі;

- Презентация дизайнының деңгейі;

- Тақырыптың жан-жақты ашылуы;

- Бірегейлігі мен ерекшелігі.

 

6. Байқауды қортындылау:

 

         Қатысушылар төмендегі номинациялармен марапатталады:

*  «Жұмыстың ең үздік  презентациясы үшін»;

*  «Ең жас зерттеуші»;

*  «Ең үздік зерттеуші».

Байқаудың қортындысы бойынша әр номинацияға байланысты үш дипломант анықталады.

Байқау қатысушыларын мақтау қағазымен марапаттау қарастырылған.

Диплом мен грамоталар 2013 жылдың қараша айында табысталады.

Сайыс өткізілген соң сайыстың тапсырылған жұмыстары кітапханада қалдырылады, үздік жұмыстар, сайыс туралы ақпараттар жергілікті БАҚ беттерінде жарияланады.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Тараз қаласы, Қонаев көшесі, №4 үй, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, тел.факс: 8(7262)437506, 438748,458844,  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды пошта.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру