детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 42 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1021243
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
159
239
1052
4859
10986
982512
1021243
Ваш IP: 18.221.141.44
Время на сервере: 19-04-2024 22:38:53

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Назар аударыңыз! Байқау! 

Қымбатты балалар! 

   С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы, «Балбұлақ - Родник» қоғамдық қоры, (ФСК) Сорос –Қазақстан қорының қолдауымен «Менің ерекше құрбым»  тақырыбына республикалық шығармалар байқауын жариялайды.

     Біздің айналамызды әр түрлі адамдар қоршайды – үлкендер де, балаларда. Ал, сендер, сол өз қатарлы құрбыларыңның кейбір ауру-сырқау сияқты қасіреттерден зардап шегіп, өмір сүруге кедергі жасап, қабілеті шектеліп жүрген құрдастарыңа назар аудардыңдар ма?

     Осындай  балалармен достасқыларың келе ме, әлде достарың бар ма? «Менің ерекше құрбым» деп аталған тақырыпқа шығарма жазыңдар.             Балалар, егер       сендер оқыған, өздеріңнің ерекше достарыңды түсінуге, олардың  ержүректік пен қайсарлық сезімдерін, құрметтеуге көмектескен әдеби шығармаларды еске түсіре отырып жазсаңдар жұмыстарың толық болары анық.

       Біз білетіндей, бұл балалардың өмірге деген көзқарасы мен өз дүние танымы  бар. Сондықтан,  олар байқауымыздың белсенді қатысушылары болып, қиындықты жеңуге не көмектесетінін, өздерінің қуаныштарымен мәселелерімен бөлісуді; достық оларға қажет пе; жолдастық қолғабыс пен түсіністік туралы жазса құба-құп болар еді.

     Байқауға қатысуға 11-15 жастағы балалар  шақырылады. Жұмысты қазақ немесе орыс тілдерінде, өлең немесе проза түрінде ұсынуға болады; қағаз немесе электрондық нұсқада  (эл. пошта арқылы). Шығарма көлемі 4-5 баспа беттен аспау керек. Шрифт Times New Roman, 14.

     Байқау   жұмысында мынадай мәліметтер болу керек: автордың аты-жөні, жасы, мекен жайы, сыныбы мен мектеп № , байланыс телефоны,  және суреті (болса құп).

     Байқау 2 турдан тұрады:

            1-ші- (өз жерлерінде) таңдау.

              - 01 қазаннан 01 желтоқсан 2013ж.  аралығында.                                                                

            2-ші қорытынды – шығармасы ұйымдастыру комитетіне 2014 жылдың 15 қаңтарына дейін, «Шығармалар байқауына» деген белгімен жіберілуі тиіс.

        Байқау  қорытындысы ақпанның соңында С.Бегалин атындағы МБК-да шығарылады.

         Қорытынды шығару үшін  тәуелсіз эксперттік комиссия құрылады. Олар тапсырыс берген тақырыптың идеясы мен мазмұнының сәйкестігін қадағалайды; түп нұсқалық, өзіндік ойлауы, қарастырып отырған мәселеге көзқарасы; мазмұндаудың тілі мен стилі; жұмысты көркемдеудің сауаттылығы.

        Байқауға ұсынылған шығарма қайтарылмайды:                                           

     Авторлар өз жұмыстарын байқау ұйымдастырушыларына басып шығаруға құқық береді. Сәтті шыққан жұмыстарды С.Бегалин атындағы МБК-ның «Балбұлақ, Родник», сайтына кіргізіліп, республикалық газет-журнал беттерінде жарияланады, ең жақсы дегенін «Мой необычный сверстник» - «Менің ерекше құрбым» шығармалар жинағына енгізіледі.

          Жеңімпаздарды естелік сыйлықтар  мен дипломдар күтуде.

Республикалық ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: Алматы қаласы, Төле би,27.          

Анықтама телефоны: 8 (727) 291-73-40 – ұйымдастыру-әдістемелік бөлім                                                                       

                                             8 (727) 291-63-51 – жаңа технологияларды енгізу және дамыту бөлімі

                                            e-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.">                                            сайт:www.spring.kz 

                                                                                

Тараз қаласындағы анықтама телефоны: 8(726) 243-75-06, 43-87-48, 45-88-44,  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды пошта.


Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру