детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 54 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1022546
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
15
163
318
2037
12289
982512
1022546
Ваш IP: 18.189.2.122
Время на сервере: 24-04-2024 03:10:50

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Мемлекет басшысының Жарлығымен осы жылдан бастап қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде «Отбасы күні» мерекесі аталып өтiледi. 2013 жылдың 3-қыркүйек айында жанұялық құндылықтарды нығайту мақсатында "Отбасы күні" мерекесіне орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Отбасы – тіршіліктің тірегі» тақырыбында кітап көрмесін ұсынылды.

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрды:1-бөлім - «Отбасы – Отанымыздың ошағы», бұл бөлімге қазақ отбасының өткені мен бүгіні, халқымыздың бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары терең қамтылған, сондай-ақ нәрестенің дүниеге келуінен бастап, оның түтін түтетіп, отау тіккеніне дейінгі уақытта қажет болатын ұлағатты ақыл-кеңестер айтылған әдебиеттер қойылған. 2-бөлім - «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы», бұл бөлім тәрбие жұмысының маңыздылығы мен мазмұндық бағыттарына түсініктер беріліп негізделген. Сонымен қатар мектептен тыс тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесі қарастырылған әдебиеттер қойылды. 3-бөлім – «Отбасы – көркем әдебиетте» Жазушылардың жазған көркем әдебиеттері қойылды. Оларды оқи отырып та отбасылық тәрбие жайлы көптеген мағлұмат аламыз.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру