детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 83 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1022415
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
47
140
187
2037
12158
982512
1022415
Ваш IP: 3.142.98.108
Время на сервере: 23-04-2024 06:47:46

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

03.06.2013ж Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 4 маусым- Рәміздер күніне орай мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу, өз елі мен жерін сүюге, отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу.Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру., патриоттық тәрбие беру. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Жас Отан» жастар қанатының бастауыш бөлімшесі және «Тараз студенттер Альянсы» корпоративтік қорының мүшелерімен және «Астана» колледжінің білімгерлерінің қатысуымен «Рәміздерім, сен неткен маңызды едің!» атты патриоттық сағаты өтті.

«Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Әрине, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, қасиеттеу үшін, алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуға тиісті.Осындай мақсатпен кітапханашы жас оқырмандарға рәміздер туралы жеке-жеке тоқталып патриоттық рухта кеңінен ашып айтты. Содан соң интерактивті тақтамен слайд-викториналық шоу жүргізді. Бұл викторинада оқырмандар өздерінің алғырттығы мен жан жақты ой –өрісінің кеңдігін көрсете білді.

ҚР-ның Ата заңның 34- бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті»делінген. Олай болса, рәміздерді құрметтеу- әрбір қазақстандық азаматтың міндеті. Әсіресе, ел ертеңі, болашағы - сендер үшін бұдан асқан мақтаныш пен міндет болмаса керек деп қорытындылай отырып,кітапханашы «Рәміздер - мерейіміз» аты кітап көрмесімен таныстырды.

фотоотчёт по мероприятию

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру