детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 72 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023208
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
495
182
980
2037
12951
982512
1023208
Ваш IP: 18.217.67.16
Время на сервере: 25-04-2024 21:45:55

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Балалық шақтың бал күні» Мерекелік шоу
-->
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл

Елімізде жыл сайын 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні кеңінен аталып өтуде. Бұл күні балалар қуанатын болса, ал үлкендер үшін осы күн балалар әрдайым қамқорлықта болып, қорғалу тиіс қажеттілігін есіне салып, олар өскелең ұрпақтың болашағы үшін жауапты екендігін еске салатын күн. Ол 1949 жылғы қараша айында Халықаралық Демократиялық әйелдер федерациясы сессиясының шешімімен «Балаларды қорғау күні» болып белгіленді. Ең алғашқы Балаларды қорғау мерекесі 1950 жылы өткізілді. Балаларға бақыт сыйлау әрбіріміздің ортақ мүддеміз. Осы мақсатта жас оқырмандарды бірлікке, татулық пен достыққа шақыру, сондай-ақ кітапханаға баулу мен кітаптарды насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 31.05.2013ж. сүйкімді мен сүйікті бүлдіршіндермен «Балалық шақтың бал күні» мерекелік шоу өтті.

Жадыраған жаздың алғашқы күніне тұспа-тұс келетін балалардың төл мерекесімен кітапхана директорының орынбасары Айтжанаова Ж.Д. құттықтап мерекені ашып берді. Балалардың білімдерін, ой-өрісін байқау үшін «Алтын қожын» әдеби викторинасын жүргізді. Кітапханашы қоржындағы ертегі кейіпкерлері мен ертегідегі заттарға қатысты сұрақтардың жауабына өте белсенді жауап берген бүлдіршіндерге тәттілерін ұсынды.Одан әрі балалардың жылдамдығын, шапшаңдығын, ауызбіршілігін тамашалауға «Көңілді этафета» ойыны басталды. Олар өздері топтарын «Қайсар» мен «Бәйтерек» деп атап ұрандарымен көрермендерді таныстырып, әрі қарай спорттық ойындарын жалғастырды.

Өнерсіз бала болмайтыны сияқты, болашақты өз түсініктері арқылы объективпен көздеген балалар сурет салу өнерлерін де көрсетті. Осы сайыстан кейін видеороликтер мен клиптар көрсетіліп, жаңа кітаптармен танысып, балалар тәтті балмұздақтан дәм татты.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру