детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 38 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1021262
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
14
164
1071
4859
11005
982512
1021262
Ваш IP: 18.117.153.38
Время на сервере: 20-04-2024 02:26:17

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

23.05.2013жылы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапхансында жастарды Қазақстандық отансүйгіштікке, қажырлы еңбекке тәрбиелеу, шығармашылық пен кәсіпкерлікке баулу, «Рысбаева және Ко» ЖШС-нің директоры Сәуле Рысбаеваның үлгілі кәсіпкерлік жолы мен әдебиетке, шығармашылыққа қосқан үлесін насихаттау және балалар ақыны Н.Корончуктің шығармашылығы мен әдебиеттерін танымалдандыру мақсатында кітапханамызда ТАРМУ мен «Аспапа» коледжінің білімгерлері және №13 мектеп оқушыларының қатысуымен С.Рысбаеваның «Елбасымен жеті рет жүздесу» кітабына тұсаукесер рәсімі өтті.

Облысымыздағы «Рысбаева және Ко» ЖШС-нің директоры Сәуле Рысбаева. Өз кәсібін тәуелсіздік алған жылы бастаған ол бүгінде өңірге танымал кәсіпкер. Кешке қонақ ретінде кітап авторы мен балалар ақыны Н.Корончук қатысты. Өз ісінде жетістікке жеткен бизнес ханшайымы Рысбаева Сәуле ханым өзінің қоғамдық өмірі мен еңбек жолы туралы толықтай таныстырып, бастан кешкен қиын-қыстау кезеңдерін айтып, жастарды Отынмызды сүюге, қажырлы да қарапайым болуға шақырып, жаңа істерге жігерлендірді. Оқырмандар «Рысбаева және Ко» ЖШС туралы түсірген бейне фильмді тамашалады. Кәсіпорын демеушілік көрсеткен кеш қонағы ақын Надежда Корончукке сөз кезегі берілді. Н.Корончук оқырмандарға өз қолымен жасаған кітап мұқабаларын өнерлі шебер қолдарымен көркемдеген тамаша кітаптарымен оқырмандарды таң қалдырды. Сондай-ақ көзі нашар көретін және мүлдем көрмейтін балаларға арналған кітабымен таныстырып өлеңдерін оқып, оқырмандарды шаттыққа бөледі. Сонымен қатар оқырмандар кеш қонақтарына сұрақ-жауап қойып бір-бірімен етене араласты. «Елбасымен жеті рет жүздесу» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру