детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 54 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1005934
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
2487
2859
7553
8471
23422
982433
1005934
Ваш IP: 44.200.249.42
Время на сервере: 28-03-2024 23:33:30

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Аға кенесшісі: Ибрагимова  Роза Балабекқызы
Тел.: 8 /726/2 45-88-44  
Орналасқан жері: кітапхананың оң қанатында  
Жұмыс уақыты: 9.00 - 18.00, демалыс күні – сенбі, жексенбі  
   

Бөлiм екі кітапхана біріктірілгенге дейін өз міндеттерін әдiстемелiк бөлiмінде орындады және әдістемелік – библиографиялық бөлім деп аталды.

1997 жылы балалар және жасөспірімдер областық кітапханалар бiрiктiруден кейiн, бөлiм жеке шығып анықтама-библиографиялық атау алды.

Қазіргі кезде ол кітапхананың «ақпараттық жүрегі» болып саналады. Бөлімнің анықтамалық-библиографиялық аппараты - ол 5-11 сыныптағы оқушылардың және жасөспірімдерге арналған «Мақалалардың жүйелі картотекасы, «Жамбыл облысы» атты өлкетану картотекасы, «Өлеңдер мен тақпақтар» картотекасы, «Ұсыныстық библиография» картотекасы, «Атқарылған анықтамаларды картотекасы» т.б.

2008 жылдан бастап «ИРБИС» бағдарлама бойынша электрондық дерек қорлар жүргізілуде. «Мақалалар» ЭДҚ,  «Жамбыл облысы» ЭДҚ құрастырылды. Бүгінгі күнге ЭДҚ  6 000  астам библиографиялық сипатамалар жинақтады.

Үнемі әдебиеттердің ұсыныстық тізімдері, атаулы күндерге және  ақын-жазушыларға, облыстағы мерейтой иелеріне арналған әдістемелік-ұсыныстық көрсеткіштер шығарылады.  Ол, «Ескен Елубаев-70 ж.», «Несіпбек Дәутайұлы-65 ж.»,  « Айша Көпжасарова-70 ж.» , «Шерхан Мұртаза -80 ж.» т.б.

Ай сайын жаңа түскен әдебиеттердін ақпараттық бюллетеньдер дайындалып шағарылады және кітапхананың web-сайтында көрсетіледі.

Мамандар, Библиографиялық және Ақпараттық күндер өткізіледі.

Жыл сайын «ҚР және Жамбыл облысында аталып өтетін және еске алынатын мерейтойлар күнтізбесі» шығарылады.

      Бөлімнің негізгі бағыттары:
  • ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету;
  • аузша және жазбаша анықтамаларды дәстүрлі және электронды түрде орындау;
  • электрондық ақпаратқа қол жеткiзудi ұйымдастыру;
  • дәстүрлі және электронды картотекаларды ұйымдастыру және жүргізу;
  • анықтамалық-кеңесші оқырмандарға қызмет көрсету;
  • ақпаратты iздестiру бойынша кеңес беру және тапсырыстарды дәстүрлi және электрондық тiзiмдеме түрде алып беру.
      Бөлімнің міндеттері:
  • Дәстүрлі және электрондық тасымалдаушылардан оқырмандарға библиографиялық іздеу жолдарын әдістемесін көрсету және кенес беру;
  • Оқырмандардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру;
  • Оқырмандардың анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету және жедел қалыптастыру;
  • Бөлімнің анықтамалық-библиографиялық аппаратын жасау және жаңа материалдармен жедел толтыру;
  • Әдебиеттердін ұсыныстық тізімдерін, атаулы күндерге және ақын-жазушылардын мерейтойларына арналған кітапшалар құрастыру;
  • «Жаңа кітаптар» атты ақпараттық бюллетендерді шығару;
  • Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханаларға кенес-әдістемелік көмек беру.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру