детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 83 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023188
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
475
182
960
2037
12931
982512
1023188
Ваш IP: 18.117.196.217
Время на сервере: 25-04-2024 17:49:26

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Секторы меңгерушісі: Мусина Алмагуль Сағындыққызы
Сектор маманы: Сабралиева Зауреш Джаханкезқызы  
Тел.: 8 /726/2 45-88-44  
Орналасқан жері: кітапхананың оң қанатында  
Жұмыс уақыты: 9.00 - 18.00, демалыс күні – жексенбі.  

Бүлдіршіндер секторы құрылғанға дейін  мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқырмандары абонемент және оқу залының оқырмандарымен бірге қызмет көрсетілді. 2010  жылы 3 128 дана кітап қорымен өз алдына сектор болып бөлініп шықты. Оның ішінде 269 дана кітап мемлекеттік тілде.

Кітап қорының қазіргі жағдайы  7 059 дана кітап, оның ішінде 1 764 дана мемлекеттік тілде.

Секторда мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқырмандарына арналған салалық, анықтамалық, көркем әдебиеттер, ойын-кітаптар, құрастырма кітаптар, конструктор, кітаптар бояғыштар, танымдық топтамалар, бүлдіршіндерге арналған үздіксіз мерзімді басылымдар, сонымен қатар «Алақай, балақай» бағдарламасы аясында ерте жастан оқуға тартуға тәрбиелейтін әдебиеттер жинақталған.

Сектор жылына 700-ден астам  оқырмандарға қызмет көрсетеді. Кітапханаға қатынас саны - 5 000 астам, кітап берілім саны – 11 500 дананы құрайды.

Үнемі мемлекеттік мейрамдарға, даталы күндерге және сондай-ақ балалар жазушылары мен ақындарының мерейтойларына арналған дәстүрлі және қазіргі заманға сай мәдени-көпшілік жұмыстары /көрме-инсталлияциялар, әңгіме-мозайка, онлайн-оқу, т.б./ өткізіліп тұрады.

Ең жас бүлдіршіндер үшін арнайы жабдықталған зал жұмсақ ойыншықтармен, сурет салумен айналыса отырып, балалар ойнап және демалып қана қоймай, сонымен қатар «Жас таланттар» үйірмесінде бүлдіршіндерімізді өнерге баулиды.

«Жас таланттар» үйірмесінде бүлдіршіндерді домбыра тартуға үйретумен қатар, шығарманы мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу шеберлігіне үйретеді. Үйірме аптасына 3 рет болады. Үйірмеге сектор маманы Сабралиева Зауреш Джаханкезқызы жетекшілік жасайды.

 

 

 

      Сектордың негізгі міндеттері:

 

  • 6-11 жасар балаларды кітапханаға тарту;
  • Кітап оқу қызық, шығармашылық және эмоционалды процесс екенін көрсету;
  • Кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру;
  • Кітап арқылы баларды ұлттық мәдениетпен, ұлттық қарым-қатынас мәдениетімен таныстыру.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру