Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының ұйымдастыруымен 9 – маусым күні № 33 мектептің жазғы лагер балаларымен «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің» тақырыбында ойын-викторина өткізді. Ойын-викторина балалардың дұрыс демалуына көмектесу, олардың ой қабілеттерін кеңейту, кітаптардың көмегімен қызықты іс-шаралар арқылы жазғы демалысты мазмұнды етіп өткізу.
Comments1 маусым – балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының ұйымдастыруымен 10 - 11 жас аралығындағы «Әрқашан күн сөнбесін» атты балаларға арналған асфальтта сурет салу байқауы болып өтті.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының ұйымдастыруымен №49 орта мектептің жазғы лагерь балалары мен ұстаздары арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты «Бәріміз біргеміз – берік іргеміз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Ертегілер елінен келген қонақтар балаларға сұрақтар қойып, ойын ойнатты. Мерекелік шараға белсене қатысқан оқушылар марапатталып, тәттілер таратылды. Мереке соңында кітапханашы «Балдырғаным, гүл еркем» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
CommentsҰлы Жеңістің 70 жылдығына орай 21 мамыр күні Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының ұйымдастырумен «Жас талант» драма және «Жас талант» домбыра үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен «Жеңістің жырын жырлайық!» тақырыбында сахналық қойылым көрсетілді. Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу. Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Comments