2014 жылдың 16 шілдеде Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген «Оқимыз демаламыз» библио-десант атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары және кішкентай бүлдіршіндер кітапханамыздың болашақ оқырмандары, мүгедек балалар, көп балалы отбасындағы балалар ынта жігерлерімен белсене қатысты.
CommentsАқпараттық сағат: жалпы оқырман қауымын қазақ жерінің кіндігіне Ақордасын тіккен жаңа Астана тарихымен таныстыру, Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныту, тарихқа енген жаңа астанамыз – Астана қаласымен мақтануға тәрбиелеу және Елордамыздың туған күнін атап өту мақсатында әдістемелік және ақпараттық-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен 6-шілде Астана күніне арналған «Астана – жердің кіндігі, Астана – елдің бірлігі» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді.
Comments«Астана балалар көзімен» сурет байқауы кітапхананың бүлдіршіндер секторында 1-4 сынып оқушыларының арасында өтті. Байқаудың мақсаты: жас оқырмандарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, және ортақ құндылықтарға ұлттық бірлікке тәрбиелеу, сонымен қатар, балалардың шығармашылық қабілетін ашуға көмектесу, сурет салу байқауында көзге түскен дарынды балаларды анықтау, олардың дамуына жағдай жасау. Балалар өз өнерлерін ортаға салып Елордамыздың көз тартатын әдемі ғимараттарына; Байтеректің, Ханшатырдың, Ақ Орданың, сүйікті Астанамыздың суреттерін салды. Балалар егемен еліміздің әлем таныған Елордасы – Астананы мақтан тұтатынын отаншылдық пен патриотизм сезімдерін әрбір суреттері арқылы ашып көрсете білді. Байқаудың нәтижесі бойынша балалардың еңбектері еленіп, «Еліміздің жүрегі-Астана» атты арнайы көрме де ұйымдастырылды.
Оқырмандарға Еуразия жүрегі болған Қазақстанның бас қаласы Астана туралы мәлімет беру мақсатында мерзімді басылымдар секторында «Астана әсем қала» атты кітап көрмесі жасалынды. Көрмеге Астана қаласының тарихы, саяси-экономикалық дамуы туралы мәліметтер қойылды, жалпы саны 15 дана әдебиет және Астана қаласының суреттері сонымен қатар, Астанаға қатысты айтылған дәйек сөздер көрсетілді. Оның ішінде мемлекеттік тілде – 10, орыс тілінде – 5. Көрмеге қойылған мерзімді басылымдар мен кітаптар: «Еуразия жүрегінде», «Астана 10 жыл», «Мәдениет мінбері», «Ақиқат», «Саясат», «Ақжол», «Егемен Қазақстан», «Айқын», аталған көрмені: 20 оқырман тамашалап, көрмедегі әдебиеттердің 10 данасы берілді.