детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 96 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023817
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
286
188
1589
2037
13560
982512
1023817
Ваш IP: 18.221.239.148
Время на сервере: 28-04-2024 23:34:54

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

"Әлемді кітап арқылы танимын" ең көп оқитын оқырмандар арасында өтетін " Мұхтар Шаханов  оқулары" атты  облыстық байқауы 


«Әлемді кітап арқылы танимын»

ең көп оқитын оқырмандардар арасында өтетін
    «Мұхтар Шаханов оқулары" атты облыстық байқауының

 ЕРЕЖЕСІ

 

        Әлемді кітап арқылы танимын ең көп оқитын оқырмандардар арасында өтетін «Мұхтар Шаханов оқулары" атты облыстық байқау 2017 жылы 1 маусымда Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтеді.


1.Байқаудың мақсаты
     

        Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарын іске асыру, сондай-ақ оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын қалыптастыру, өскелең  ұрпақтың бойындағы талантын, шығармашылық қабілетін арттыру.

       Қазақ ақыны, драматург Мұхтар Шахановтың  75 жасқа толуына орай ақынның өмірі мен шығармашылығын балаларға тереңірек оқыту.

М.Шахановтың  шығармалары арқылы балалардың қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру және көркем сөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру.

2.Байқаудың талаптары мен шарттары


       Байқауға аудандық, қалалық, ауылдық балалар кітапханасының оқырманы болып табылатын 7-10 жасқа дейінгі, 10-15 жасқа дейінгі барлық оқырмандар қатыса алады. Байқау жас ерекшеліктеріне қарай 2 кезеңнен тұрады. Облыста өтетін қорытынды байқауға әр аудан, қаладан іріктеліп алынған 1 үміткерден, яғни 7-10 жасқа дейінгі 1 үміткер, 10-15 жасқа дейінгі 1 үміткерден қатыса алады. Сарапшылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде оқырманның шығарманы таңдау талғамына, дауыс мәнеріне, тіл тазалығына, жан-жақты білімділігіне, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеттілігіне  назар аударатын болады.
       Байқауға қатысушылар төмендегі талаптар бойынша сайысқа түседі.

- «Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын» сайыскердің өзін-өзі таныстыруы (3мин).
- «Мұхтар Шахановқазақ әдебиетінің атасы»  Мұхтар Шахановтың  өлеңін жатқа оқу немесе әңгімелерінен сахналық қойылым қою (3мин).
- «Портрет галереясы» портреттегі бейненің кім екенін табу (3мин).
- «Әдеби бәйге» Мұхтар Шахановтың  өмірі мен шығармашылығы  туралы сұрақтарға жауап беру.

 

3.Жеңімпаздарды марапаттау

     Байқауды ұйымдастырушылар мен сарапшылар алқасының ұйғаруымен жеңімпаздар анықталып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Бас жүлде – (екеу)

І орын – (екеу)
ІІ орын –(екеу)
ІІІ орын –(екеу)
   Сонымен қатар, ынталандыру сыйлықтары беріледі.

Байқауға қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:
- Байқауға қатысушының өмірбаяны;
- 3×4 см көлеміндегі екі дана түрлі-түсті фотосуреті;
- Байланыс телефондары.
 Барлық құжаттар мына мекенжайда қабылданады: Тараз қаласы, Қонаев көшесі №4, Жамбыл облыстық  балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.    
Байланыс телефоны: 8(7262) 45-88-44.
Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Қатысушының өтініші 2017 жылдың  9  ақпаннан 1 сәуірге дейін қабылданады.
    

4.Байқауды  ұйымдастырушылар
  1) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

2) Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы


 

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру