Сайтта кім бар

Қазір 68 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1558566
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
1176
2293
4401
12310
11963
1519181
1558566
Ваш IP: 216.73.217.174
Время на сервере: 07-10-2026 12:24:30

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

  Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиография секторының ұйымдастыруымен жерлесіміз, соғыс ардагері, ақын Мүтәліп Ережепбайұлының жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Жамбыл жолы» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді. 

  Іс-шараға жоғарыда аталған кітаптың авторы Мүтәліп Ережепбайұлы мен кітап редакторы Досымжан Төлеуіш шақырылды. Аталмыш шараға Ыбырайым Сүлейменов атындағы №37 мектептің 7 сынып оқушылары мен мұғалімдері және Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері қатысты.

  Іс-шарада Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы, Мүтәліп Ережепбайұлының өмір жолы, шығармашылығы, соның ішінде, іс-шараның өтуіне арқау болып отырған «Жамбыл жолы» кітабы туралы айтылып, оқырмандарға көптеген мәлімет берілді. Іс-шара барысында №10 мектептің 8 сынып оқушысы Іргебай Әшім Мүтәліп атамыздың «Тоқсан жастың толғауы» және Сәбен Қойшыбайұлының Мүтәліп атамызға арнап жазған арнау өлеңдерін оқыса, №38 мектептің 6 сынып оқушысы Есіркепова Луиза «Жамбылдың жыр жүрегі» атты өлеңін оқыды.

  Тұсаукесер рәсімі Мүтәліп атамыз мен Досымжан ағаларымызға сөз берумен өз жалғасын тапты. Кітап авторы мен редакторы жалпы кітапты жазудағы басты мақсат, кітаптың шығу тарихы туралы көптеген мәлімет беріп, аталған кітаптың тұсауы кесілді. Іс-шараға байланысты «Екі ғасыр дастаны» атты кітап көрмесі жасалып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: