Сайтта кім бар

Қазір 46 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1488131
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
1874
844
4787
9229
30079
1450339
1488131
Ваш IP: 185.249.195.109
Время на сервере: 23-07-2026 07:21:13

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Оқушыларды халықтық салт-дәстүрге баулу, Наурыз мейрамы мен наурызда жасалатын қазақтың әдет-ғұрыптарымен таныстыру, Отанды, өз халқын сүюге, оның салт-дәстүрін құрметтеуге үйрету мақсатында бүлдіршіндер секторының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай «Наурыз келді – құт береке кірді» атты мерекелік кеш өткізілді.

 

Мерекелік шараға № 23 орта мектебінің төменгі сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы оқушыларға жалпы наурыз мейрамы жайында айтып өтті, халқымыздың салт-дәстүрі, ұлттық киімі, тағамдары, ұлттық ойындары туралы мағлұмат берді. Балалар ең сүйікті көктем мерекесіне қатысты қызықты деректермен танысты. Кейін әр-түрлі тапсырмалар орындалып, сұрақ-жауап ойындары да өткізілді. Балалар қазақтың салт - дәстүрін білесің бе?, ұлттық ойындарды білесің бе? деген т.б көптеген сұрақтарға жауап берді. Наурыз туралы тақпақтар, ән-күйлер орындалды. Оқушылар белсене қатыса отыра, өз білгендерін ортаға салды. Шара соңында кітапханашы наурыз туралы кітаптарға (Нұрмағанбетова, Р./ «Қазақстанның төл мерекелері» - Алматы: «Аруна», 2013.-12 б, «Сен білесің бе?» энциклопедиясы / құраст. Қ,Ж. Райымбеков.-Алматы: «Аруна» баспасы.-2012.-696 б, Мамытанов, К./ «Үйлену тойы»-Алматы: «Аруна», 2002.-12б, Сейтжанов, Т./ «Салт дәстүрлер»-Алматы: «Аруна», 2001.-12б, Сейтжанов, Т./ «Бата-тілек»-Алматы: «Аруна», 2002.-12б. «Наурыз»:/ Ұлыс күніне арналған халық өлеңдері.-Алматы: «Балауса», 1994,-20б.) шолу жасап өтті.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: