Сайтта кім бар

Қазір 74 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1558241
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
851
2293
4076
12310
11638
1519181
1558241
Ваш IP: 216.73.217.174
Время на сервере: 07-10-2026 08:47:03

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

    Мерзімді басылымдар секторының ұйымдастыруымен балалардың денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге, ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің тиімді әдістерін меңгеруге, достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға тәрбиелеу мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз» тақырыбында мерекелік бағдарлама өткізілді.

     Кітапханашы кешке қатысқан барлық балғын балаларды 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, ортаға ертегі кейіпкерлерін шақырды. Бірінші болып Алдар көсе кейіпінде - Расулова Мира ортаға шығып, балаларға қызықты сұрақтар қойып «Аттамақ» ойынын ойнатты. Сондай-ақ басқа да аю, қоян, Қызыл телпек, Тартилло кейіпкерлер ортаға шығып балаларды ойнатып, би билетті. Жерге бормен сурет салды. «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Кулибаева А. түрлі түсті қағаздан гүл жасаудан мастер класс көрсетті. Кеш соңында кітапхана директоры М.Е. Ысқақ балаларды мерекемен құттықтап, белсене қатысқан балаларды алғыс хатпен марапаттады. Барлық балалалрға тәттілер мен балмұздақ таратылды. 

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: