Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1401853
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
374
748
3088
2983
3460
1387612
1401853
Ваш IP: 216.73.216.62
Время на сервере: 08-03-2026 08:04:15

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

     8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Ару қыздар алаулап от кешкендер» атты әдеби-музыкалық композиция өткізілді. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушылары мен  Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның 8 «А» сынып оқушылары, ұстаздар мен  кітапханашылар қатысты.                                                                                                          

     Қазақ халқы әйелді ер-азаматтың жан серігі, ұрпағын жалғастыратын ұлағат иесі, отауының көркі мен ұйытқысы, сұлулық символы санаған. Бірақ, XX ғасырдың ең ауыр да қорқынышты соғысында әйел жауынгер болды. Жаратылысынан жаны нәзік, жолы жіңішке, жүректері сезім мен сырға толы осынау жандар халқымыздың басына түскен ауыр кезеңдерде нағыз қажыр-қайрат иелері екендерін айдай әлемге тағы бір рет таныта білді. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапса, сонымен қатар аты аталмай жүрген қаншама қаракөз  қыздарымыз бар еді. Міне осы аруларымызға арналған  әдеби-музыкалық  композицияны  кітапханашы Амиркулова Г.Е. жүргізді. Ал Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушылары   кеш қонақтарына батыр қыздарымызға арналған ерліктеріне құрмет ретінде жазылған ақындарымыздың жырларын оқырмандар жүрегіне сыздата жеткізе білді. Соғысқа өз еріктерімен аттанған аруларымыз туралы «1941 жылы соғысқа аттанған аруларымыз қандай еді?»  сахналық көріністе   батыр қыздарымыз соғыс жылдарында басынан кешкен қиын шақтарын естеріне алып, сұм соғыстың бейбіт өмірде  де жайлы өмір сүруге кедергі болғандығы жөнінде толғады.

    Сондай-ақ іс-шараға Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның оқушылары Көбдік Диана, Әділдаев Азамат пен Алғабасов Рауан  әсем әндерін сыйлап, патриоттық рух пен жігер берді. Кітапханашы «Ұлы Жеңіске мың тағзым»  атты кітап көрмесіндегі  тарих пен  көркем әдебиеттерге шолу жасады. 

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz