«Балабақшадан кітапханаға» жобасы аясында кітапханада «Менің сүйікті кейіпкерім» атты әдеби кинозал ұйымдастырылды.
Іс-шараға №13 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілері қатысып, балалар әдебиетіндегі танымал кейіпкерлермен жақынырақ танысты.
Кинозал барысында бүлдіршіндер қазақ ауыз әдебиетінің тапқыр әрі ақылды кейіпкері Алдар көсе туралы кітаппен танысып, оның қызықты оқиғалары мен өнегелі іс-әрекеттері жайлы мәлімет алды. Балалар Алдар көсенің әділдік пен тапқырлықты дәріптейтін қасиеттері туралы әңгімелесіп, кейіпкердің қулықпен сараң байларды жеңіп шығатын оқиғаларын қызығушылықпен тыңдады.
Сонымен қатар, кітап желісі бойынша дайындалған мультфильм көрсетіліп, кішкентай көрермендер сүйікті кейіпкерінің шытырман оқиғаларын тамашалады. Көрсетілімнен кейін балалар өз әсерлерімен бөлісіп, кейіпкерлер туралы сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2493-2026-06-10-2.html#sigProGalleria289ecbb47a






