Сайтта кім бар

Қазір 50 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1486206
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
793
966
2862
9229
28154
1450339
1486206
Ваш IP: 185.249.195.109
Время на сервере: 22-07-2026 21:25:26

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Жаз кітаппен қызық» жобасы аясында «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында «Кітаппен жазды бастайық» ашық аспан астындағы әдеби ойын-сауық сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және бос уақыттарын пайдалы өткізуге баулу.

Шара барысында балалар түрлі қызықты ойындарға қатысып, интеллектуалдық сайыстарда өз білімдерін сынады. Сергіту сәттері ұйымдастырылып, көңілді атмосфера қалыптасты. Белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, «Динозаврлар әлемі» атты кітап көрмесі таныстырылып, балалар ежелгі тіршілік иелері туралы қызықты мәліметтермен танысты. Көрмеде 3D форматындағы, ашылмалы кітаптар ұсынылды. Big Dream технологиясы арқылы кітап кейіпкерлері мен иллюстрациялары жандандырылып көрсетіліп, оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Кітап пен ойын ұштастырылған бұл шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, таным көкжиегін кеңейтуге ықпал етті. Жазғы демалыстың жарқын бастамасына айналған іс-шара қатысушылардың көңілінен шықты.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2492-2026-06-10-1.html#sigProGalleria01270a090b
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: