Сайтта кім бар

Қазір 145 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1521175
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
226
374
2465
4362
1994
1498573
1521175
Ваш IP: 216.73.216.62
Время на сервере: 06-09-2026 11:12:59

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Оқырмандарды отансүйгіштікке, адамгершілікке, туған еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге баулу, сондай-ақ ел тарихы мен ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне орай №49 мектеп-гимназиясында «4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні» интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихы, олардың маңызы мен мазмұндық ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға тақырыпқа сәйкес викториналық сұрақтар қойылып, рәміздердің әрбір элементінің мәні мен символдық ерекшеліктеріне байланысты танымдық тапсырмалар ұсынылды. Сонымен қатар мақал-мәтелдерді толықтыру, ребус шешу секілді ойын түрлері өткізілді.

Шара аясында тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасалып, мемлекеттік рәміздерге қатысты әдебиеттер мен ақпараттық материалдар таныстырылды. Іс-шара оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттырып, тарихи танымын кеңейтуге, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сана-сезімін нығайтуға ықпал етті.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2489-2026-06-04.html#sigProGalleria638f3530c5
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: