Сайтта кім бар

Қазір 162 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1521175
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
226
374
2465
4362
1994
1498573
1521175
Ваш IP: 216.73.216.62
Время на сервере: 06-09-2026 11:14:25

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» ертегілер керуені жоғары деңгейде өтті. Мерекелік шара «Қарақат» би ансамблінің әсем биімен ашылып, кітапхананың кішкентай оқырманы Исламқұл Балнұрдың орындауындағы «Ерке қыз» әнімен жалғасын тапты. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық орыс драма театры бүлдіршіндерге арнап қызықты қойылым ұсынып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Кеш барысында №13 бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері кітаптың маңызын насихаттайтын әсерлі көрініс көрсетіп, мәнерлеп тақпақтар оқыды. Сондай-ақ «Қарақат» би ансамблі «Заманауи» биін билеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кітапхана қызметкерлері балаларға арналған қызықты ойын бағдарламаларын ұйымдастырып, мерекенің сәнін арттырды. Сонымен қатар, балаларға арналған «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесі ұсынылып, көрмеге шолу жасалды.

Шара соңында Тыныбек Медина «Попурри» әнін орындап, кештің көркін қыздыра түсті. Мерекеге белсене қатысқан өнерпаздар алғыс хаттармен марапатталып, оқырмандарға арнайы сыйлықтар таратылды. Балаларға шаттық сыйлаған бұл мерекелік кеш қатысушылардың жүрегінде жарқын әсер қалдырды.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: