Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті ақын, жазушы, лингвист-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Олжас Сүлейменовтың 90 жылдық мерейтойына орай ақынның бай әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, оның шығармашылығы мен ғибратты өмір жолын жас буынға таныстыру, жастардың отандық әдебиет пен тарихқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Макаренко атындағы орта мектеп оқырмандарына «Олжас Сүлейменов - ақын, қайраткер, тұлға» атты информина ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында О. Сүлейменовтың тек поэзия әлеміндегі емес, ғылым мен жаһандық саясаттағы бірегей тұлғасы ашып көрсетілді. Әсіресе, оның түркітану ғылымына төңкеріс әкелген «Аз и Я» атты зерттеу еңбегінің жазылу тарихы мен қоғамға жасаған ықпалы туралы терең ақпарат берілді. Бұдан бөлек, ақынның жетекшілігімен құрылған, әлемді ядролық қауіптен құтқаруда үлкен рөл атқарған «Невада – Семей» халықаралық қозғалысының тарихи маңызы сөз болды.
Оқырмандар назарына ұсынылған арнайы жасақталған кітап көрмеге ақынның алтын қордағы поэзиялық жинақтары, әлем тілдеріне аударылған шығармалары және оның халықаралық деңгейдегі жоғары марапаттары қойылды.
https://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2483-olzhas-s-lejmenov-90-zhas-olzhas-s-lejmenov-a-yn-ajratker-t-l-a-informina.html#sigProGalleriafbeb403e56






