Сайтта кім бар

Қазір 145 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1521175
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
226
374
2465
4362
1994
1498573
1521175
Ваш IP: 216.73.216.62
Время на сервере: 06-09-2026 11:12:59

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жас ұрпаққа өнегелі әңгімелері арқылы ғибрат қалдырған, қазақ халқының рухани жаңғыруына, білім мен ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті қазақ ағартушысы, ұстаз, жазушы Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын насихаттау мақсатында 125highschool мектебінің оқырмандарымен «Әдеби толқын» оқырман клубының кезекті отырысы өткізілді.

Клуб отырысында оқырмандар ағартушының тағылымы мол әңгімелерін оқып, олардың тәрбиелік мәні мен өмірлік маңызын кеңінен талқылады. Оқырмандар өз ойларын ортаға салып және шығармалардан алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар, әдеби пікір алмасу ұйымдастырылып, сұрақ-жауап арқылы оқырмандардың таным көкжиегі кеңейе түсті.

Шара барысында Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек» сынды ғибратты әңгімелері жан-жақты талданды.

«Әдеби толқын» оқырман клубының бұл отырысы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық әдеби мұраға деген құрметін нығайтты. Тағылымға толы туындылар арқылы жас оқырмандар рухани азық алып, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиеленді.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2474-2026-04-28.html#sigProGalleria0c8c495685
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: