Сайтта кім бар

Қазір 179 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1521180
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
231
374
2470
4362
1999
1498573
1521180
Ваш IP: 216.73.216.62
Время на сервере: 06-09-2026 11:52:04

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас таланттардың шығармашылығына қолдау көрсету және кітапхананың заманауи бейнесін таныту мақсатында «Кітап – рухани байлық кілті» » әдеби ымырт ұйымдастырылды. Шара кітапхананың тыныс тіршілігін бейнелеген көріністен басталды. Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның оқушылары «Кел, досым, кітапханаға!» атты әуен ырғағындағы флешмоб билеп, «Кітаптар мұңы» атты театрландырылған көрініс ұсынды.

Кеш қонақтары ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бейсек Жұлдыз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының мүшесі, айтыскер ақын Балтабаев Мұқағали және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шалибекова Ғалия өздерінің төл туындыларын оқып, сөз өнерінің құдіретін паш етті. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің білімгерлері мұзбалақ ақын М. Мақатаевтың шығармаларынан әдеби композиция сахналап, «Ойлан, тап!» интеллектуалды ойынына қатысты.

Мерекелік кеште «Smart oner mektebi» ЖК-дің «Томирис» би тобының орындауында «Аманат» қазақ биі, патриоттық рухтағы әндері шырқалды. «Қазақ ағартушылары», «Алаш арыстары»,«Балалар әдебиеті» бөлімдерінен тұратын «Кітап-сарқылмас рухани қазына» атты кітап көрмесі таныстырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2469-2026-04-27-1.html#sigProGalleriaa24a24f2df
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: