Сайтта кім бар

Қазір 190 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1521180
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
231
374
2470
4362
1999
1498573
1521180
Ваш IP: 216.73.216.62
Время на сервере: 06-09-2026 11:55:05

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Шығармашылық байқау «Жыр мен білімнің қос шыңы: Ыбырай мен Мұқағали» тақырыбы аясында өткізілді. Байқау қазақ халқының ұлы ағартушысы, балалар жазушысы, педагог, қоғам қайраткері, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы, тұңғыш зайырлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына, сондай-ақ қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, лирик ақын, журналист Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналды.

2026 жылдың ақпан айында байқаудың аудандық кезеңі өткізіліп, ережеге сәйкес үздік деп танылған 10 үміткер облыстық кезеңге қатысты.

Облыстың әр өңірінен жиналған дарынды оқушылар өзара бақ сынап, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.

Байқау үш кезең «Әдебиетпен өрілген өз әлемім», «Поэзия мен парасат тұғыры», «Білім белесі» бойынша сынға түсті.​

Қазылар алқасы құрамында балалар жазушысы, журналист, қазылар алқасының төрағасы – Марат Құлибаев; жас ақын, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз хатшысы – Аблай Ғалия Архатқызы; Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің директоры – Кенесариев Сабит Насирович болды.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде – Желеубай Дамира (Жамбыл ауданы), 1 орын- Хидиров Махмет (Талас ауданы), 2 орын- Боранбек Батырхан (Байзақ ауданы), 3 орын- Даниярбек Инабат (Сарысу ауданы), Анарбек Сұлужан (Шу ауданы) ие болса, қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлық берілді.

Іс шара барысында «Жыр мен білімнің шыңы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Сондай-ақ, мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталығының өнерпаздары би, ән, күй ұсынды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2447-2026-04-14-2.html#sigProGalleria0aafb66bfe
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: