Сайтта кім бар

Қазір 276 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1521192
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
243
374
2482
4362
2011
1498573
1521192
Ваш IP: 216.73.216.62
Время на сервере: 06-09-2026 12:33:27

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Кітапхана – тарихқа бастар жол» жоба-экспедиция жас буынның туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, тарихи-мәдени мұраны тереңірек зерттеуге баулитын маңызды өлкетанулық бастама. Жобаның ашылуы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Ақыртас» сарай кешенінен басталды.

Жобаның ашылу салтанаты Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Г. Инкарбекова, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының бас инспекторы С.Дильдабекова, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының» бас маманы Ж.Касымованың құттықтау сөздерімен басталды.

Іс-шара барысында қатысушыларға жобаның негізгі мақсаты мен бағыттары жан-жақты таныстырылып, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Қатысушылар жоба аясындағы алғашқы бағыт – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген «Ақыртас» сарай кешенінің тарихымен танысып, құрылыс ерекшеліктері мен тарихи маңызын зерделеді. Экспедиция барысында ғылыми қызметкер С.Нағашбекова сарайдың қай кезеңде және қандай мақсатта салынғаны туралы түрлі ғылыми болжамдарды айтып, археологиялық деректер негізінде кешеннің құрылыс материалдары, сәулеттік стилі және сол дәуірдегі мәдениетін жан-жақты түсіндірді.

Бұл жоба жас зерттеушілердің тарихи мұраға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың дерекпен жұмыс істеу, талдау және қорытынды жасау дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Іс-шара соңында «Тастағы Тараз тарихы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2442-10-04-2026-02.html#sigProGalleria700f2c3bda
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: