Ұлыстың ұлы күнінің мән-мағынасын ашу, өскелең ұрпаққа ата-бабадан қалған салт-дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі» атты мерекелік-танымдық кеш өткізілді.
Мерекелік кеш мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында ЖК «Бозгулова» «Шабыт» би үйірмесінің өнерімен ашылып, ЖК «Tumar» домбырашылар үйірмесі мен халық әндері үйірмесінің орындауындағы ән мен күйге ұласты. Сонымен қатар, балалар мен кітапхананың ақ жаулықты әжелері Наурыз мерекесіне арналған жыр-шашуларын арнады.
Кеш барысында Наурыз мейрамының басты символы – Наурыз көженің дайындалу жолы мен оған қосылатын жеті дәмнің қасиетті мағынасы таныстырылып, әрбір дәм – тазалықтың, татулықтың, ақ тілектің және тоқшылықтың нышаны ретінде түсіндірілді.
Қолөнерді жаңғырту мақсатында қыздар арасында киіз үйді сәндеу және «қошқармүйіз» оюын қолдану бойынша аппликациялық жұмыстар жүргізілсе, ер балалар арасында ептілік пен күшті талап ететін арқан тартыс, асық ату (ханталапай), қол күрес секілді ұлттық ойындардан жарыстары ұйымдастырылды. Мерекенің ең ерекше сәті ретінде баланың қадамы нық болсын деген ниетпен жасалатын «Тұсау кесу» рәсімі №13 бөбекжай бақшасының қатысуымен көрсетілді.
Кеш соңында «Сәнді шаңырақ» көрмесінің нәтижелері жарияланып, ерекше көзге түскен ұлдар мен қыздар марапатталды. Мерекелік жиын ел амандығын тілейтін ақ батамен түйінделді.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2441-10042026.html#sigProGalleria5c2cf4a103








