Сайтта кім бар

Қазір 115 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1486273
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
16
844
2929
9229
28221
1450339
1486273
Ваш IP: 185.249.195.109
Время на сервере: 23-07-2026 00:54:55

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Балалар жазушысы, сатирик, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Әлімқұлов Бақытжан Советұлының 60 жас мерейтойына орай «Балаларға күлкі мен ой сыйлаған қаламгер» атты кездесу кеші өтті.

Кеш барысында Бақытжан Советұлының өмірі мен шығармасы жайлы ақпарат беріліп, жасанды интеллект арқылы құралған бейнеролик көрсетілді. Аталған іс-шараға балалар жазушысы Марат Құлибайұлы және айтыскер ақын, журналист Есет Досалы қатысып, жылы лебіздерін білдірді. №63 орта мектебінің оқушылары жазушының «Хайп пен лайк» сатиралық жинағынан «Үш тілділік», «Бүркіт пен шымшық», «Болашақ бала» өлеңдерін нақышына келтіріп, жатқа айтты.

Сондай-ақ, сатираға толы қаламгердің шығармасынан алынған «Қоянның құлағы неге ұзын, құйрығы неге қысқа» көрінісін қойып, «Балбырауын» күйін тарту етті.

Автордың «Әріптер шеруі» сөз жұмбақтарынан ойын бағдарламасы ұйымдастырылып, балалар тапсырманы белсенді орындады. Оқырмандар тарапынан Бақытжан Советұлына шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылды.

Кеш соңында кітапхана қызметкері «Балаларға базарлық» кітап көрмесінде ұсынылған автордың кітаптары мен мерзімді басылымдар беттеріне жарияланған мақалаларға шолу жасады.

Кликните, чтобы увеличить изображение 001.jpeg

Кликните, чтобы открыть изображение!

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: