Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 104 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1435843
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
152
1254
2516
3298
6624
1412883
1435843
Ваш IP: 216.73.216.214
Время на сервере: 13-05-2026 05:07:49

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Ескерткіштер өткені мен бүгіні» жобасының аясында жас ұрпақты ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, аудармашы Абай Құнанбайұлының өнегелі өмірімен таныстыру, шығармашылығын насихаттау мақсатында 10 тамыз – Абай күніне орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында әдеби боулинг өткізілді.

Іс-шара барысында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, ұлы ақынның құрметіне Тараз қаласында 2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Абай даңғылында орнатылған ескерткішінің тарихы туралы ақпарат берілді.

Кітапхана оқырмандары ақын өлеңдерін жарыса оқып, өмірбаянына қатысты жасырылған викториналық сұрақтарға боулинг ойыны арқылы жауап берді.

Шара соңында «Абай мұрасы – халық ұлағаты» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, ақынның «Көзімнің қарасы» өлеңі айтылды.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz