Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1436044
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
353
1254
2717
3298
6825
1412883
1436044
Ваш IP: 216.73.216.214
Время на сервере: 13-05-2026 11:51:16

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Кітапхананың «Кәсіби өсу» қызметкерлердің үздіксіз білімін жетілдіру жүйесінің 2022 жылға арналған оқу жобасы аясында «Кітапханалық жоба – заман талабы» flash семинар ұйымдастырылды.

Flash семинар Zoom платформада Жамбыл облысы көлемінде аудандық, қалалық, ауылдық балалар кітапханалары қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.

Flash семинардың мақсаты: ақпараттық технологиялардың даму жағдайларында еліміздің мәдени-тарихи мұрасын сақтап қалудағы кітапханалардың рөлін арттыру, Жамбыл облысы аудандық балалар кітапханаларында кітапханалық жобаларды ұйымдастыру жұмыстары жөнінде әдістемелік кеңестер беру және тәжірибе алмасу; Балалар кітапханасының жұмысына инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, әлеуметтік жобалар шеңберінде іс-шараларды іске асыру үшін ең жақсы жаһандық және жергілікті тәжірибені қолдану.

Кітапханашыларға «2021 жылы - Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында кітапхананың тәжірибесінде қолданылған басты «Оқитын ел – озық ел», «100 кітап» жобалары мен «Кітаппен әлем мейірімді және жарқын», «Біз бәріміз біргеміз» бағдарламалары таныстырылды.

«Оқитын ел – озық ел» жобаның «Рухани жағыру» Әлеуметтік жобалар акселераторының қысқамерзімді оқу бағдарламасын сәтті аяқтап, жинаққа еңгені айтылды.

Сондай-ақ, «2022 жыл – Балалар жылы» аясында жоспарланған және іске асырылған жұмыстар жайлы ақпараттар беріліп, аудандық балалар кітапханаларының қызметкерлері өздерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1450-kitapkhanaly-zhoba-zaman-talaby-flash-seminar.html#sigProGalleria616e942bbd
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz