Сайтта кім бар

Қазір 49 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1559182
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
1792
2293
5017
12310
12579
1519181
1559182
Ваш IP: 216.73.217.174
Время на сервере: 07-10-2026 22:55:26

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

⠀

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адамның бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.

⠀

Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

⠀

Өскелең ұрпақты өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, бауырмалдық, мейрімділік сезімін ояту, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор жасау, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу керекпіз.

⠀

Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне отбасының ықпалы мол екендігін ашып көрсетер әдебиеттер қамтылды, осыған орай назарларыңызға видеороликті ұсынамыз.

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні ⠀ «Отбасы – бақыт мекені» ( онлайн виртуалды кітап көрмесі)

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: