Сайтта кім бар

Қазір 30 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1559165
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
1775
2293
5000
12310
12562
1519181
1559165
Ваш IP: 216.73.217.174
Время на сервере: 07-10-2026 22:09:06

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Жыр алыбы - Жамбыл» әңгіме-саяхат

Кітапханада ашылған «Парасат жолы» өңірлік орталығының жоспары аясында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі, жырау, жауынгер жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай "Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану," орталығының «Жамбылтану» залында «Жамбыл – жыр алыбы» атты әңгіме-саяхат ұйымдастырылды.

«Жамбыл дарыны» орталығының қалалық және аудандық мектеп оқушыларының қатысуымен өтті. "Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану," орталығының мәдени ұйымдастырушысы Г.К.Бүркітбаева орталықтың тарихымен және ақынның көрмелерімен таныстырды.

Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Ж.Ауелева оқырмандарға ақынның балалық шағын, Сүйінбаймен кездесіп, батасын алғаны, айтыс өнеріне қатысып, атын қазақ жеріне танымал болғаны туралы айтты. Қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесі үшін ақынға берілген марапаттары және ақынның ұрпақтары жайлы әңгіме етті. Оқырмандар «Менің өмірім», «Зілді бұйрық», «Ленинградтық өренім» өлеңдерін мәнерлеп оқып, Жамбыл мен Айкүміс айтысын орындады.

Сондай-ақ ақынның шығармаларына шолу жасалып, «Жүз жасаған бәйтерек» ақпараттық парақ таратылды. Іс-шара соңында оқырмандарға ақынның ақ батасы берілді.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1322-zhyr-alyby-zhambyl-gime-sayakhat.html#sigProGalleria7a660bf5fa
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: