Даңқты батыр Ыбырайым Сүлейменовтың 110 жылдық мерейтойына орай №3 мектеп-лицейдің оқырмандарының қатысуымен «Ерлік» мемориалдық кешенінің «Даңқ» залында «Қазақтың қас батыры» еске алу кеші ұйымдастырылды.
⠀ Оқырамандарды отаншылдыққа еліне туған жеріне, деген сүйіспеншіліктерін арттыру, болашаққа деген сенімі мен ой-өрісін дамыту, елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу мақсаты көзделді.
⠀«Данқ» залының бірінші қабаты Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы. Онда 1000 шаршы метрге барлығы 1 миллион 500 мыңнан астам фото шежірелер топтастырылған. Залдың бірінші бөлігінде орналасқан 1941, 1942, 1943, 1944-45 жылдарға арналған қабырғалардағы суреттер сол кезеңдегі соғыс көріністерін еріксіз көз алдына алып келеді.
⠀Кеш барысында аты аңызға айналған мерген, даңқты батыр Ыбырайым Сүлейменовтың өмірбаяны, соғыстағы ерлігі туралы толық мағлұмат беріліп, ол туралы кітаптар таныстырылды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://www.jobjk.kz/kz/?start=880#sigProGalleria1a890a5e80
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс - деп, дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт - дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, адамның сана сезімін улайтын, әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни секталар туралы діни экстремизм мен терроризмнің мағынасын түсіндіру мақсатында Жастар арасындағы діни ағымдар мен экстремизмге қарсы жұмыстар «Жастар экстремизмге қарсы» ашық микрофон (ашық трибуна) өткізілді.
Іс-шараның қонағы «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Құлтаев Сержан Пәрімұлы және «Намаз ата» мешітінің имамы Абдухаликов Сардармен діни экстремизим мен терроризм, салт-дәстүр, діни сауаттылық жайында сұхбат өткізілді. Жастар діни экстремизм және терроризмге қарсы бейнеролик көрсетілді. «Діни экстермизге жол жоқ» кітап көрмесіне библиографиялық щолу жасалды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://www.jobjk.kz/kz/?start=880#sigProGalleria05fb921bd7
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ Сессиясындағы интеркультурализм қағидатын ілгерілету аясында «Абай оқулары» дауыстап оқуы ұйымдастырылды.
⠀Кездесудің мақсаты - қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, дана ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын жастар жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, рухани танымын кеңейту, оқу дағдысын жетілдіруге бағытталған.
⠀Кездесу барысында өзге ұлттар арасында өткен «Абай оқулары» облыстық байқауының жеңімпазы Устинова Марина ақынның «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..» өлеңі мен «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін орындады. Тараз техника және бизнес колледжінің студенттері Кошкина Дарья мен Тұрарбек Ұлжалғас ұлы ақынның өлеңдерін оқып, мемлекеттік тілге, қазақтың әдебиеті мен бай мәдениетіне деген зор ықыласын танытты.
⠀Абайдың мұрасы – қазақтың ең асыл қазынасы болғандықтан Абайдың шығармаларын оқып, келешек ұрпақтың санасында сіңіру басты міндетіміз. Кеш қонақтарына ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, «Абайды оқы, танырқа!» кітап көрмесіне шолу жасалды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://www.jobjk.kz/kz/?start=880#sigProGalleria1a5d72929e
Халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл толуына орай Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасымен бірлесіп «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты тарихи-ғылыми конференция ұйымдастырды.
⠀Конференция Zoom платформада онлайн форматта өткізілді.
⠀Кездесу барысында кітапхананың инновациялық-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі А.Абдраманова «Жүз жыл жырлаған Жамбыл»тақырыбында доклад пен слайд ұсынды.
⠀Тараз қаласында орналасқан Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының «Жамбылтану» бөлімінің мәдени іс-шаралар ұйымдастырушысы Г.Бүркітбаева орталықтың төрт бөліміне саяхат жасап, ақын туралы қызықты ақпараттармен бөлісті.
⠀Сонымен қатар Түркістан қаласының №26 Ж.Жабаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғаліміМ.Қарағұлова «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты баяндамасын оқып, Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының орта және жоғары мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі М.Джайлыбаева «Абыз қария, жыры – дария» кітап көрмесіне шоу жасады.
Конференция Түркістан қаласы №79 мектебінің 10 сынып оқушысы Жамалов Ерсұлтанның орындауында «Ленинградтық өренім» өлеңімен аяқталды.
https://www.jobjk.kz/kz/?start=880#sigProGalleriac37984dab3






