«Шабыт» балалар арт-студиясы «Гүл жасау» шығармашылық шеберлік сағаты. Түрлі түсті гофре қағазымен жұмыс.

«Шабыт» балалар арт-студиясында кезекті қызықты шығармашылық іс-шара ұйымдастырылды. Шараға №13 бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері қатысып, түрлі түсті гофре қағаздарын пайдалана отырып әсем гүлдер жасады.

Шығармашылық жұмыс барысында балалар қағазды қиып, бүктеп, жапсыру тәсілдерін меңгеріп, әр бөлшекті ұқыптылықпен біріктіру арқылы өз қиялындағы ерекше гүлдерді құрастырды. Әр бүлдіршін өзіне ұнаған түстерді таңдап, жұмысын ерекше талғаммен безендірді.

Бұл шығармашылық сабақ балалардың ұсақ моторикасын, қиялын, эстетикалық талғамын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://www.jobjk.kz/kz/o-biblioteke-2/bizdi-jirmeler/shabyt/2514-2026-08-05.html?layout=default&print=1&tmpl=component#sigProGalleria30a3926661
joomlamodniyportal.ru

joomline.net