Сайтта кім бар

Қазір 140 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1486211
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
798
966
2867
9229
28159
1450339
1486211
Ваш IP: 185.249.195.109
Время на сервере: 22-07-2026 21:31:50

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Зере» әжелер клубы 10 тамыз – Абай күніне орай «Абай жолы» романындағы Зере образын талқылады.

Кездесуге кино және театр актрисасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Салықова Нұрсифат Рақымбайқызы қонаққа шақырылды.

Кеш барысында Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» көркем фильмінен қысқа үзінді көрсетіліп, фильмнің түсірілімі жайлы ақпараттар берілді және кітапхана қорындағы «Абайды оқы, таңырқа!» кітап көрмесі таныстырылды.

Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізгені айтылды. Ақ дастархан басында немересін жырмен жұбатып, әнмен әлдилеп, ертегімен еліткен Зередей зерделі де ұлағатты әжеден аңыз-әңгімелер мен жыр-дастандар тыңдап өскен бала Абай дана Абайға, қазақтың ұлы ақынына, зор тұлғаға айналғаны айтылып, казіргі заманда бала тәрбиесіндегі әжелердің рөлі де талқыланды.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: