детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 28 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1005938
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
4
2487
7557
8471
23426
982433
1005938
Ваш IP: 54.198.37.250
Время на сервере: 29-03-2024 01:09:35

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Кітапхана – биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы
Кітапхана - балалар мен жасөспірімдерге білім беру мүмкіндігі бар бірден-бір парасатты мәдени орын болғандықтан, ұлттық мәдениеттің мәйегін насихаттау әрі дамыту баршамыздың парызымыз бен мүмкіндігіміз. Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жас ұрпақтың ақпараттық, мәдени және қоғамдағы әлеуметтік өзгерістермен үнемі үндесіп отыруы қажет десек, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының тарихына үңі-ліп, жыл сайынғы деректерге жүгінейік.
1958 жылдың сәуірінде құрылған облыстық балалар кітапханасы және1978 жылдың қыркүйегінде құрылған облыстық жасөспірімдер кітапханасының 1996 жылдан мирасқоры болып табылатын кітапхана тарихының жарты ғасырдан асқан сара жолында алғашқы болып Сунгурова Тамара Тимофеевна 1973 жылға дейін басқарса, 1973 жылдан бастап 1996 жылға дейін Дамира Қурбангалиева басқарды.
Ал, 1978 жылы ашылған облыстық жасөспірімдер кітапханасын 1980 жылға дейін жоғары білімді Жангужинова Валентина Николаевна басқарса, 1980-1996 жылдарда белгілі Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бас маманы жоғары білімді Жақсыбаева Әлия Төлеубекқызы басшылық етті.
1996 жылы біріккен екі кітапхананың мирасқоры Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасын 1996 жылдан 2005 жылға дейінгі уақытта жоғары білімді Дамира Қурбангалиева басқарды.
2005-2009 жылдары кітапхананы Джанболатова Гульжан Азимханқызы басшылық жасаса, 2009 жылдан күні бугінге дейін Ысқақ Мейрамкүл Елеукенқызы басшылық жасауда.
Бүгінгі күні Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Қазақстандағы бұрынғыдан келе жатқан ең ірі кітапханалардың бірі. Кітап қоры 110 мыңнан астам дана. Жыл сайын кітапхана 5 мыңнан астам оқырмандарға қызмет көрсетеді.

1958-1973 жж.
Облыстық балалар кітапханасының директоры
Тамара Тимофеевна Сунгурова

1973-1996 жж.
Облыстық балалар кітапханасының директоры
Дамира Қурбангалиева

1980-1996 жж.
Облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры
Әлия Төлебекқызы Жақсыбаева

1996-2005 жж.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры
Дамира Қурбангалиева

2005-2009 жж.
Олыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры
Гүлжан Әзімханқызы Джанболатова

2009-.... жж.
Олыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры
Ысқақ Мейрамкүл Елеукенқызы

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру