детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 29 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1021253
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
5
164
1062
4859
10996
982512
1021253
Ваш IP: 18.116.40.177
Время на сервере: 20-04-2024 01:35:04

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

    Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 24 ақпан күні "Ана –өмірдің шуағы" атты кездесу кеш өтті.

    Кештің мақсаты: Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейрімінен тарайтынын ұғындыру;

     2) аналар мерекесіне орай аналар, ұстаздар мен қыздарға құрмет көрсету;

    3) мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

    Кешке қатысқандар: Жамбыл облыстық балалар мен  жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері, қонақтар, ардагерлер «Асыл әжелер» үйірмесі, ардагерлер жанынан ашылған «Жан қуатым» атты топ және де Ассамблея  мүшелері. Кезекті іс-шараның шымылдығын ашып беруге Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әбдікешова Күләш Әмедияқызы ашып берді. Содан соң «Өмірде ана бұлақ, ана пана, Өмірді өркендетер ана ғана» атты кітап көрмесіне  шолу жасалынды.

      Кешке келген қонақтар Мамедова Зоя Алиевна ҰОС ардагері, Тасыбаева Ақшакүл Қарабекқызы көп балалы ана, Губайдулина Гүльнұр Латыповна №1 Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссиясының төрайымы, Муминова Хура қамқор ана, Күлжамила Жолдасқызы ТарМПИ-дың профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты.

      Ардагер қатысушы апаларымызға өздерінің жеке өмірлері жайлы, еңбек жолдарын қай салада атқарғандары, соңғы зейнеткерлікке қай салада еңбек етіп шыққандары, біздің  еліміз әлемге қандай елеулі үлестерін қосқандары жайлы бірнеше сұрақтар мен әңгіме арқылы қойылады.

     «Асыл әжелер» үйірмесінің мүшесі және «Жан қуаттым» вокальдық топтың  қатысуымен әндер шырқалды; «Сұлу қыз», «Ах Самара городок», «Көзімнің қарасы», «Анашым әкем», «Болада о красках», әндері орындалды.

   Сондай–ақ кеш соңында Күлжамила Жолдасқызы ТАрМПИ–ның профессоры, физика –математика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, еңбек ардагері, ұлағатты ұстаздың «Өнегелі өмір» атты кітабының тұсау кесері қыйылды. Қорытындылай келе Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры М.Е.Ысқақ өз сөзінде ардақты, аналар мен аталармызға  мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін деп  сөзін қорытындылады. Іс-шараға шақырылған кездескен апа-әжелерімізге арналған  сыйлықтар мен гүлдер табысталды.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру